Оралда «Атадан қалған асыл сөз» атты жас термешілер байқауы мәреге жетті

Оған 12-16 жас аралығындағы 15 өнерпаз қатысты. Жастардың бойына терме арқылы ұлттық қадір-қасиетті дарытуды мақсат еткен байқаудың бас жүлдесін жалпақталдық Әмина Ғайнеденова жеңіп алды. Басқа да жүлдегер атанғандарға сыйлықтар табыс етілді.

«Мұхит» қорының директоры, белгілі әнші Сағадат Рахметжановтың айтуынша, аталмыш байқау енді жыл сайын өтіп тұрмақшы.