Оралда атыраулық суретшілер М.Дәулетияров пен Э.Жұмабаеваның сурет көрмесі ашылды

Көрмеге 50-ге тарта шығармашылық жұмыс қойылған.

Манарбек 1985 жылы А.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының көркемсурет факультетін бі­тірген екен. Өзі шәкірт атанып, өнер сырына бойлаған ша­һарға ширек ғасырдан кейін толыққанды шебер болып оралған суретшінің Оралдағы алғашқы көрмесіне көрермен көп жиналды.

Қазақстан Суретшілер одағының Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасы Қайыр Оразғалиевтің айтуынша, Манарбек пен Эльмираның туындыларын Орал көрермендеріне таныстыру идея­­сы биыл көктемде батысқазақстандық суретшілердің Атырау қаласында өткен көрмесінде туған еді. Өнер адамдары үшін мұндай қарым-қатынас өте пайдалы, жаңа ізденістерге, жаңа жетістіктерге жетелейді.

Белгілі оралдық өнер зерт­теушісі, көп жыл қалалық көрме залына жетекшілік еткен Әлия Сапарова көрмеге қойыл­ған туындылардың кәсіби деңге­йін жоғары бағалап отыр.

Атыраулық суретшілердің көрмесі бір айға созылады.