Caravan Logo

Оралда әжетхана шұңқырына құлап кеткен ер адам қаза тапты

Оралда әжетхана шұңқырына құлап кеткен ер адам қаза тапты

Қайғылы оқиға 20 наурызда болған. 32 жастағы ер адам автокөлік қызметі аумағындағы көше дәретханасының шұңқырына құлаған.

Зардап шеккен адамды шұңқырдан жедел-құтқару жасағының қызметкерлері алып шықты.

Денсаулық сақтау басқармасы көше дәретханасына құлаған ер адамның қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

Айта кетейік, Ресейде 11 қабаттан құлаған ер адам өрт сатысына ілініп, 
аман қалған еді
. Ол түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.