Оралда азық-түлік қоймасы ішіндегі 2 көлігімен бірге өртеніп кетті


Таңғы 10:14 кезінде тіркелген тілсіз жау 17:57-де бірақ жойылды. Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Батыс Қазақстан облысының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 15 техникасы мен жеке құрамының 62 маманы жұмылдырылды. 1270 шаршы метр аумақ отқа оранды. Өрт салдарынан 2 Mitsubishi пикап автокөлігі мен жүк көлігінің тіркемесі жанып кетті.