Оралда бадминтоннан облыс кубогі үшін жарыс мәреге жетті

Өңірде аталмыш спортты дамыту және салауатты өмір салтын орнықтыруды мақсат еткен турнирге Орал мен Ақсай қалаларынан қырықтан астам бадминтоншы қатысты. Әйелдер арасында оралдық Лилия Сәрсенова жеңімпаз атанса, тағы бірі Галина Тимофеева екінші орынды иеленді. Ерлер арасында ақсайлық Талап Әлиевтің мерейі үстем болса, оралдық Игорь Жердев екінші жүлдені еншіледі.

БҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен, «Конденсат» компаниялар тобының демеушілігімен БҚО бадминтон федерациясы ұйымдастырған жарыс жеңімпаз-жүлдегерлері кубок, диплом, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.