Оралда балабақша медбикесінен туберкулез анықталды

Оралда №46 «Ақжайық» балабақшасының медбикесінен туберкулез анықталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Саламат Ералиннің айтуынша, аталған балабақшада екі медбике жұмыс жасайтын болса,  соның біреуін ауырып қалуына байланысты 26 қыркүйек күні тексерген кезде екі өкпесінен бірдей инфильтративті туберкулезге шалдыққаны белгілі болған. Қазір ол алты айға емдеуге жіберілген. Осыған орай балабақшада санитарлық-алдын алу жұмыстары жүргізілуде.

Балабақшада барлығы 316 бүлдіршін болса, ата-анасының рұқсатымен соның 175-іне 21 қараша күні №5 емхана педиатр, медицина қызметкерлерінің қатысуымен туберкулезге қарсы екпе жасалады. Қалған ата-аналармен де түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.