Оқиға түс мезгілінде болған. 14 жасар оқушы қалтасына салып әкелген газ баллонын мектеп дәлізінде шашыпты. Салдарынан сабақ оқып отырған бірнеше оқушы мен мұғалімдер жағымсыз иістен тұншығып, далаға қашқан. Өзін жайсыз сезінген 9 баланың жетеуі жедел жәрдеммен ауруханаға жөнелтілді. Қазір емдеу мекемесінде бір бала жатыр. Қалғаны тексеріліп, үйіне жіберілген. Бір күнге оқу ісі тоқтатылған мектепте қазір полицейлер мен арнайы мамандар ғана жұмыс істеуде. Енді сотқарлық жасаған оқушының мәселесі майшаммен қаралатын болды.
Loading...