Оралда Батыс аймағы суретшілерінің «Алтын қайық» сайысының көрмесі ашылды

Оған Қазақстанның төрт облысы кіретін Батыс аймақ суретшілері мен қолөнер шеберлерінің түрлі жанрдағы жұмыстары қойылды. Көрме 10 мамырға дейін созылмақ.

Батыс Қазақстан «Өнер» қоғамдық қорының президенті, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Қуандық Мәдірдің айтуынша, бұл - аталмыш байқаудың бастапқы кезеңі. Мұндай көрмелер Ақтөбе, Атырау, Ақтау қалаларында да ұйымдастырылады. Сайыс барысында әр облыстан ең таңдаулы жұмыстар іріктеледі. «Алтын қайық» сайысының жеңімпазы биылғы желтоқсан айында анықталады.