Оралда белгілі кәсіпкерді өлтірген қылмыскерлер ұзақ мерзімге сотталды


Оларға ұрлық, қарақшылық және адам өлтіру баптары бойынша айып тағылған болатын. Қаңтар айында қылмысқа алдын ала дайындалған үш жігіт ақша мен алтын үшін Батыс Қазақстан өңіріне белгілі кәсіпкер Каркуланы өлтіріп, оның әйелін соққыға жыққан болатын. Үкім оқыларда өздерін салқынқанды ұстаған қылмыскерлер сол күйі кінәларын мойындаған жоқ. Тіпті, соңғы сөзді сөйлеу мүмкіндігінен де бас тартты.