Оралда бір жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті


Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәліметке қарағанда, бала сол бойда облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған. Басынан жарақат алған оның миына зақым келген, жамбасы, жағы сынған. Баланың жағдайы әлі де ауыр. Қазіргі кезде жансақтау бөлімінде ем-шара жасалуда.