Оралда бірнеше адамды алдап кеткен алаяқ ұсталды

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, аталмыш азамат зейнеткер әйелдің үйіне телефон соғып, өзін полиция қызметкерімін деп таныстырып, ұлының есірткімен қолға түскенін айтқан. Содан кейін 150 мың теңгесін алдап алған.

Тергеу барысында М-ның осындай жолмен бірнеше адамды алдағаны белгілі болды. Қазіргі кезде алаяқ тергеу изоляторында қамауда отыр.