Тұрғындар таңғы төрттердің шамасында қатты дыбыстан ояныпты. Көше сол кезде-ақ шалшыққа толып қалғанымен, оған ешкім мән бермеген. Алайда жарты сағаттан соң топан су аулаға еніп, сарай, гараж, ұраларды басып қалыпты. Бір үй толығымен құрсауда қалып, жиһаз, көрпе-төсек, техникалары түгел су бетіне қалқып шыққан. Ал қабырғасы үгітіліп жатыр. Шалшық су тағы екі үйдің еденін шайып, қабырғаларын қақыратып кетті. Апаттық бригада үйлерге жайылған суды күні бойы сорған.негізі бБұл жердің құбыры бар болғаны бес жыл бұрын жаңартылыпты. Апат соның қиысқан жерінің ажырауынан болып отыр.
Марат Қоғабаев, Орал қаласының тұрғыны:
-Жазда құлап қалуы мүмкін. Ертең күн жылынған соң, соң кеткен соң, құлайды. Шарбақтың бәрі суға тоды, мұз болып қатты, ертең құлайды. Бұл су арна маған керемет көмек көрсетпейді. Мен сотқа бергім келіп отыр.
Loading...