Оның ашылу рәсіміне облыс әкімі Алтай Көлгінов пен Қазақстандағы Burger King® компаниясының президенті әрі директорлар кеңесінің төрағасы Әнуар Өтемұратов қатысты. Өз сөзінде өңір басшысының атап өткеніндей, қала орталығында көрікті ғимарат бой көтеріп қана қоймай, жаңадан жұмыс орындары ашылды.
Жалпы алаңы 300 шаршы метрден асатын 80 орындық мейрамхана күн сайын мыңнан астам адамға қызмет көрсете алады. Мұнда келушілердің тез тамақтанып шығуы үшін жағдай жасалған. Ғимаратта балалар үшін EyeClick интерактивтік алаңы жасақталған. Келушілерге сондай-ақ балалар ойын алаңы, Wi-Fi сервисі қызмет көрсетеді.
Айта кетейік, Қазақстандағы Burger King® компаниясы қарқынды дамып келеді. Биыл компания елде тағы алты жаңа мейрамхана ашуды жоспарлап отыр.