Оралда дәмхана күзетшілерін жарақаттаған тұрғын құрықталды

Облыстық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті дәмханада балағат сөздер айтып кафе қызметкерлерінің мазасын алған. Содан соң дәмхана әкімшілерінің шақыртуымен келген «КМС» ЖШС күзетшілерінің де намысына тиіп баққан көрінеді.

Ескерту жасаған күзетшілермен жұдырықтаса кеткен ол бірінің травматикалық қаруын суырып алып, күзетшілердің екеуін да атып тастаған. Салдарынан олар ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті екі айға қамалды.