Оралда дәнекерлеуші тірідей өртеніп кетті

"Ол машина майы сіңген арнайы қатқыл жұмыс киімінде болған, роба үстіне тиген ұшқыннан лаулап жанып кетті", деп хабарлады жұмада "Интерфакс-Қазақстанға" облыстық ішкі істер департаментінен.

Полицияның дерегіне қарағанда, терісінің 85 пайыз жері күйік алған жігіт реанимация бөліміне жеткізілгенмен, аман қалмады.