Оралда дәстүрлі Сабантой мейрамы өтті

Татар халқының ұлттық мерекесі әдеттегідей түрлі ойындарға толы болды. Мейрамға келгендер қаппен жүгіру, күрес секілді қызықты жарыстарды тамашалап, ұлттық тағамдардан дәм татты.

Жиналғандарды Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы төрағасының орынбасары Максим Хасанов құттықтап, мұндай ұлттық мейрамдардың Қазақстан халқының бірлігіне қызмет ететінін атап өтті.