Хоккей ойнап жүрген Аркадий Рубцов қарсылас команда ойыншысымен соқтығысып қалған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Екеуара кикілжің соңы жаппай төбелеске ұласады. Әлеуметтік желі арқылы тез таралған бұл төбелес жергілікті "Орал" мен Орынборлық "Буревестник" команадасы арасындағы жолдастық кездесуде болған екен. Бұл матчта қонақтар жеңіліп қалыпты. Ал айдындағы жағдайды депутат ойын барысындағы түсініспеушілік деп ақталды. "Ойын біткесін бір-біріміздің қолымызды алып, арқамыздан қақтық. Мұндай жағдай кез-келген хоккей ойынында болады. Сондықтан ешкімге ренішіміз жоқ", — деді БҚО мәслихат депутаты Аркадий Рубцов.