Оралда дзюдодан Қазақстан іріктеу чемпионаты өтеді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ел біріншілігіне 17 облыстан 600-ге жуық дзюдошы қатысады. Олардың қатарында ұлттық құраманың спортшылары Мағжан Шамшадин, Бауыржан Нарбаев, Данияр Шамшаев, Ғалия Тынбаева, Мәди Амангелді, Дидар Хамза, Аружан Ережепова, Камила Берліқаш және Ақерке Рамазанова бар. 

Сондай-ақ чемпионаттың нәтижелері 2027 жылы халықаралық ареналарда ел намысын қорғайтын Қазақстан құрамасының сапын жасақтау барысында маңызды рөл атқарады.

Айта кетейік, ел біріншілігі 29 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Орал қаласындағы «Жайық» спорт кешенінде өтеді.