Оралда екі жасар сәби сағызға қақалып өлді


Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мәншүк Аймұрзиеваның айтуынша, жедел жәрдем шақыртылғанымен, бәрі кеш болған. Сөйтіп, 2013 жылы 8 сәуірде дүниеге келген бала шетінеп кетті. 

Өкінішке қарай, мұндай қайғылы оқиғалар өңірде азаймай тұр. Өткен жылы осындай 11 жағдай тіркелсе, биыл 4-5 оқиға орын алып отыр. Айталық, осыдан бір апта бұрын Зеленов ауданында он айлық сәби шелектегі суға тұншығып қайтса, оның алдында Бөкей ордасында теледидар құлап, екі айлық нәрестені басып қалды. Мұның басты себептерінің бірі ата-анасының баланы қараусыз қалдыруы болып отыр. Олардың үлкен балаларына кішісін бақтыруы да дұрыс емес.