Оралда еркін күрестен әлем чемпионы Е.Ларионоваға құрмет көрсетілді

Бұған дейін екі мәрте Азия чемпионы деп танылған Катяны қабылдаған аталмыш басқарманың бастығы Мүсілім Оңдағанов бұл көптен күткен жеңіс екенін айтты. Себебі, аталмыш күрес түрі бойынша төрткүл дүниені бағындырған ақжайықтық ару болған жоқ.

Алтын алқаңның көрімдігі ретінде жас балуанға 200 мың теңге сыйақы берілді. Катяның әкесі әрі бапкері Алексей Ларионов та тарту-таралғысыз қалған жоқ.

Е.Ларионова әлем чемпионатына қатысуға және оған дайындалуға барлық жағдай жасағаны үшін облыс басшылығына, облыстық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасына риазашылығын білдірді.