Оралда есірткі сақтаушылар ізші иттерден қашып құтыла алмады

Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған екеу жанар-жағар май стансасының бос қалған ғимаратында есірткі дайындап, сақтаған. Сараптама қорытындысына сәйкес, 12 грамм экстракциялық апиын табылып, тәркіленді. 

Есірткі дайындаушылар ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі 128-бабына сәйкес, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Оларға қатысты ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігімен (сату мақсатынсыз аса ірі көлемде есірткі заттарының заңсыз айналымымен айналысу) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.