Онда облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен Орал қаласы орталығындағы көшелердің біріне Ғабдолла Тоқайдың есімі беріліп, мүсіні орнатылғанын, мұражайы жұмыс жасайтынын, алдағы уақытта да осындай құрметтің жалғасатынын атап атап өтті. Татарстанның Қазақстандағы өкілетті өкілінің орынбасары, ҚР татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің вице-президенті Рафаил Аблаков Оралға тоғыз жасында келіп, Қазанға ақын болып аттанған Ғабдолла Тоқайдың орны татар халқы үшін айрықша екендігін айтты. Кешке сондай-ақ Ғ.Тоқайдың туысы София Забирова, Қазаннан қаламгер Шәміл Фаткуллин қатысты.
Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония Дәулеткерей атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрі, «Орал сазы» фольклорлық ансамблінің қатысуымен өткен концертте Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Қанатқали Қожақов, Жұмағаным Рахимова бастаған өнерпаздар қатарында облыстық татар этномәдени қоғамының мүшелері, Татарстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Эльмира Амирова татар тілінде ән салса, Нәдия Тухватуллина Ғабдолла Тоқайдың өлеңін мәнерлеп оқып берді. Ән мен би, күй мен өлең кезек өрбіген кеште ақынның басқа да жырлары асқақтады.