Оралда кәмілеттік жасқа жетпегендерді азғырды және порнографиямен айналысты, деген күдік келтірілген британдық азамат екі айға қамауға алынды

Алдында хабарланғандай, 14-қаңтар күні полицияға 2001 жылы туылған қыздың анасы арыз берген, оның айтуына қарағанда, бір адам оның қызын жалаңаш күйінде бейнеге түсіріп алған. "Шағала" қонақ үйінің нөмірін тексеру кезінде Ұлыбританияның 38-жастағы азаматы ұсталған, ол құқық қорғау органдары қызметкерлерін көрген бойда флешканы шағын толқынды пешке өртеп жіберген.

Британдық азамат өткен жұмада ұсталған. Оған қатысты республика Қылмыстық кодексінің 124 бабының 3-тармағы және 273 баптың 3-тармағының "б" пунктінде көзделген іс қозғалды.