Оралда каратэ-додан кадеттер мен жастар арасындағы ел чемпионаты аяқталды

260 бозбала мен бойжеткен сынға түскен жарыс үш жас ерекшелігі бойынша өтті.

Жастар арасында БҚО намысын қорғағандар көпшіліктің сенімін ақтады. Яғни жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы және бірнеше дүркін халықаралық турнирлердің жеңімпазы Асылбек Өтегенов (57 келі) пен еліміздің екі дүркін чемпионы Данил Титов (70 келі) бас жүлдені еншіледі. Ал кадеттер арасында Нарын Муфтахов (61 келі) пен Аягөз Халелова (50 келі) қола жүлдегер деп танылды.