Оралда командирдің бұйрығын орындамаған үш сарбаз тұтқынға алынды

Бұл туралы “Мой Город” хабарлайды.

Әскерлер жеке құрамның саптық дайындығы кезінде командирдің “артқа айнал” деген бұйрығын орындамаған. Ашықтан ашық берілген команданы орындаудан бас тартқаны үшін сарбаздар ҚР әкімшілік кодексінің 652 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сот үш сарбазды да кінәлі деп тауып, әрқайсын 10 тәулікке қамауға алу туралы үкім шығарған.