Облыстық полиция баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол сәрсенбіге қараған түні үй-мұражайдың терезесін сындырып кіріп, 1981 жылы жасалған «Мосина» мергендер мылтығын, «КО» карабині мен граммофон пластинкаларын айналдыратын патефон сынды баға жетпес тарихи жәдігерлерді ұрлап әкеткен.
«Күзетші – мұражай директорының ұлы әдеттегідей ұйықтап жатқан, ештеңе естімеген, көрмеген. Тарихи жәдігерлердің қолды болғанын таңғы сағат 10-да мұражай қызметкерлері аңғарыпты», - делінген хабарламада.
Қылмысты ашуға Батыс Қазақстандағы үздік із кесушілер, тергеушілер мен сарапшылар жұмылдырылды. Шұғыл шаралар барысында 25 жастағы күдікті құрықталды. Бұған дейін де осындай қылмысы үшін істі болған ол уақытша тергеу изоляторына тоғытылды.