Оралда мас күйінде автокөлігімен жүкті келіншекті қағып өлтірген жүргізуші ұсталды

71-үйге қарсы реттелмейтін жаяу жүргінші өткелінен өтіп бара жатқан 1988 жылғы А.Марченконы қағып кетіп, оқиға орнынан бой тасаламақ болған.

БҚО прокурорының орынбасары Халидолла Дәуешевтің хабарлағанындай, аяғы ауыр азаматша оқиға орнында есін жимастан көз жұмған.

Медициналық қорытындыға сәйкес жүргізуші орта дәрежелі мас күйінде болған.


Аталған дерек бойынша П.Бокаушин ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы бойынша ұсталып, уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.

Тергеу барысы бақылауға алынды.