Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Қамидолла Ирменовтің атап өткеніндей, спартакиада салауатты өмір салтын орнықтыру мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отыр.
Спорттың қысқа қашықтыққа жүгіру, секіру, волейбол, арқан тарту тәрізді сегіз түрінен бақ сынаған 17 команданың ішінен шашасына шаң жұқтырмай, 1-орынды иеленген облыстық клиникалық аурухана ұжымы бұдан бұрын өткен қалалық спартакиаданың да бас жүлдесін жеңіп алған еді.
Бөрлі аудандық орталық ауруханасы - екінші, Ақжайық аудандық ауруханасы үшінші орынға көтерілді. Медицина қызметкерлері күні қарсаңында өткізілген жарыс жеңімпаздары дипломдар мен сыйлықтарға ие болды.