Оралда М.Мәметованы еске алуға арналған халықаралық турнир өтті

Жарысқа Қазақстан, Ресей, Өзбекстаннан 200-дей спортшы қатысты. Ерлер арасында Ерболат Байбатыров, Бағдат Жарылғасов ( екеуі де БҚО-дан), Бекжан Абдуалиев (Ақтөбе), Файзхан Бөрібеков (Алматы), Нұрсұлтан Иманғазин (Ақтөбе) топ жарса, қыздардан батысқазақстандықтар Алмагүл Орынғалиева, Жүзімгүл Науханова, павлодарлықтар Мәдина Рысбаева мен Анжелика Гузь, ақтөбелік Қалжан Тайжанова және басқалар жеңіс тұғырына көтерілді.

ҚР дзюдодан мемлекеттік жаттықтырушысы Ержан Байжұмановтың атап өткеніндей, жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылды.