Оралда мұсылмандар зираты отқа оранды

Зираттың бір жағында мұнай базасы, екінші қапталында газ өндіру серіктестігінің орналасуына байланысты өрттің қаупі арта түскен. Болжам бойынша, жалын темір жол жақтан келіп, қураған шөптер мен ағаштар арқылы тез таралыпты. Кеше Оралда күн 34 градус ыстық болған. Сонымен қатар, жел де өрт сөндірушілердің жұмысына айтарлықтай кедергі жасады. Тілсіз жау 1 гектар аумақты күлге айналдырған.

Loading...