Жоғалған атасы мен немересін туыстары тәулік бойы шарқ ұрып іздеп жүр. Ақсақал 57-де болса, немересі бар-жоғы 4-ақ жаста екен. Кешқұрым екеуі «серуендейміз» деп Жайықтың жағалауына кетіпті. Тумалары түнге дейін күтіп, қарасы көрінбеген соң бірден полицияға хабар берген. Із-түссіз кеткендерді түні бойы судың жағасында іздеген топ бүгін таңертең баланың мәйітін тапты. Туыстары өлі денені әлі таныған жоқ. Ал атыраулық ер азаматтың өзі әлі іздестіріліп жатыр.
Нұрболат Егінбаев, Орал қалалық ТЖБ Бас маманы :
-Суда құтқару қызметі Жайық жағалауында кішкентай баланың денесін тапты. Ол дейтін мына үстіңгі киіміне қарағанда жоғалған балаға ұқсас. Қазір іздеу жұмыстары жүргізілуде. Үлкен кісіні іздеудеміз.