Оралда Н.Рерихтің сурет көрмесі ашылды

«Еднання» мәдени-ағарту қоғамы ұйымдастырған көрмеде суретшілердің 82 жұмысының көшірмесіне орын берілген. Әр туындының астына суретшінің ғақлия-ойлары жазылған. Көрмені ұйымдастырушы Татьяна Кудинованың сөзіне қарағанда, Николай Рерих артына аса бай әдеби, көркем және ғылыми мұра: 7 мың сурет, 30-дан астам ғылыми-философиялық еңбек қалдырған.

Көрмедегі «Мұхамед Хира тауында», «Гималай», «Шығыс тауы», «Лао-цзы», «Жат жұрт» картиналары пірадарлық жолдағы жандардың рухани болмысын көрсетсе, «Шыңғыс ханның жорығы», «Қытай ханшасы Вэнь-Ченнің тартуы», «Темірдің гүлі» туындыларына тарихи деректер арқау болған.