Дәстүрлі сайыста Оралдағы дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернаты кешенінің 9-сынып шәкірті Индира Қаниева (ұстазы - Нұрлан Шқан) бас жүлдегер атанды. Енді ол ақынның туған жері Қарасазда өтетін республикалық оқуларға қатысады.
Аталмыш мектеп оқушылары бұдан бұрынғы байқауларда да жүлдегер атанып келеді. 2009 жылы Баянсұлу Қожанбаева республикалық Мұқағали оқуларынан алғысхатпен оралса, бір жылдан кейін сондай сында Оралбек Ысқақ (мұғалімі - Көшербай Төкестай) топ жарып, жеңімпаз атанды. 2011 жылы Айдана Байжиенова облыстық Мұқағали оқуларында үшінші орынға ие болды.