Оралда Оңдағановқа қатысты сот процесі басталды


Тұтас бір облыстың спорт саласын ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап, қаржысын қымқырған төртеуінің сот процесі 16-шы қазанда ашық түрде өтетін болады. Олар спортшылардың түрлі сайыстарға баруы үшін бөлінген қаржысын тиынына дейін түк қалдырмай сыпырып алды деп айыпталуда. Бір мысал, Мүсілім Оңдағановтың нөкерлерімен Араб Әмірліктерінде апталап жатып демалғаны анықталған. Жас спортшылардың қаражатын Оңдағанов дәл осындай жолмен ондаған рет жұмсапты. Бұдан бөлек, халықаралық жарыстарға шығатын спортшылар іс-сапарға бөлінген қаражаттарының тең жартысын облыстық спорт басқармасына өткізіп тұруға да міндеттелген. Бірақ бірнеше жыл ұйымдасқан қылмыстық топ ретінде мүлтіксіз қызмет атқарған Мүслім Оңдағанов тобын құқық қорғау орындары тек жыл басында ғана құрықтай алды.