Оралда оқушы қыздарды тыржалаңаш суретке түсірген ағылшын азаматы сотталды


Кішкентай қыздарды модель боласың деп алдап, тыржалаңаш суретке түсіріп әуестенген Ұлыбритания азаматы бұл. Жеткіншектердің арын арамдаймын деген залым енді 8 жыл жалпы режимдегі түрмеге тоғытылды. Ал абақтыда қыздармен әуейі болғандарға көзқарастың бөтен екені белгілі. Содан болар, байбалам салған сотталушы Питер Барохтың ата-анасы таспаға түскен қыздардың барлығына өтемақы төлепті. Тіпті өз перзентінің арын ақшаға айырбастаған кей аналар өз арыздарын қайтып алған көрінеді. Дегенмен соттың ақырғы шешімі ағылшынды абақтыға айдап тынды. Қонақүйдегі бөлмесінен полицейлер 12 және 15 жас аралығындағы қыздардың порнофильмдерін де тапқан. Ал басты рөлдерде- атыраулық жеті бірдей жеткіншек пен оралдық 3 оқушы қыз болған. 8 жыл бас бостандығынан айырылғаны өз алдына, Барох 150 мың теңге айыппұл да төлеуі тиіс.