Оралда оқушыларды тасымалдаған жүргізушіге қатысты іс қозғалуы мүмкін

Істі тергеуге алған әкімшілік полиция қызметкерлері апатқа автобус жүргізушісі себепкер болғандығын алға тартуда. Қозғалыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтамай, жол бойында тұрған жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан қоғамдық көліктегі 3 оқушы бас жарақаттарын алып, жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген еді. Қазіргі уақытта балалардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда. Сондықтан жақын күндері үйлеріне жіберілмек. Соның өзінде де автобус жүргізушісі қылмыстық жазадан құтыла алмауы мүмкін. 

Loading...