Оралда орманды паналағандар ауруханаға жатқызылды

Бұған дейін Ереминдер отбасы далада шатыр тігіп өмір сүрген. Айтуларынша, күндіз саңырауқұлақ теріп, Жайықтан балық аулапты. Қалалық ауруханаға уақытша орналасқан 3 баланың анасы күнін көру үшін жұмыс іздемекші екен. Енді бұл отбасының тағдырын тиісті мекеме шешпек. Әйел балаларымен бейімделу орталығына жіберіледі. Ал отағасы құжаттарын қалпына келтіріп, сотта балаларының туған әкесі екенін дәлелдеген жағдайда жақындарымен көрісе алады.


Гүлшат Ғұсманова, Орал қаласы ІІБ ювеналдық полиция бөлімінің бастығы:

–Комиссияда отбасын қараймыз. Біз үш баласымен ата-аналық құқығынан айырмаймыз. Олардың нақты тұратын жерін анықтауымыз керек. Алтыға толған үлкен қызын мектепке орналастыруымыз керек.