Оралда өртеніп жатқан пәтерден 5 жасар бала құтқарылды


Түске таман бес қабатты үйлердің бірінен өрт шығып санаулы секундта бөлменің іші түгел отқа оранған. Қызыл жалын кейін іргелес пәтерлерді шарпыған. Өрттің ең алдымен балконда тұтанғанын көршілері көріпті.  Бүлдіршін бұл кезде үйде жалғыз отырған. Оның шырылдаған дауысын естіген екі жігіт есікті бұзып кіріп баланы сыртқа алып шығыпты.  Кешікпей  анасы да келіп жеткен. Ол пәтерақыны төлеу үшін аз уақытқа тысқа шыққан екен.