Оралда өрттің салдарынан бір әйел мен төрт бала зардап шекті

ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мәліметтері бойынша, 21 қаңтарда сағат 14.20 жер үйлердің бірін өрт шарпып , соның салдарынан дене жарақатын алып, көмір қышқыл газынан уланған бір әйел мен 2-ден 6 жас аралығында төрт бала ауруханаға жеткізілд і.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, өртті сөндіруге арнайы 3 бірлік техника және ҚР ТЖМ жеке құрамының 13 қызметкері жұмылдырылып, тілсіз жау сағат 18.00 ауыздықталды.