Оралда О.Сүлейменовтің жүлдесі үшін волейбол турнирі мәреге жетті

халықаралық «Невада-Семей» қозғалысының президенті Олжас Сүлейменовтың жүлдесі үшін Оралдағы жоғары оқу орындарының оқытушылары мен қызметкерлері арасында волейбол турнирі өтті.

Облыстық «Семей ядролық сынақ полигоны мүгедектерінінің қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен шараның мақсаты -салауатты өмір салтын насихаттау.
Турнир қорытындысы бойынша бірінші орын М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ, екінші орын Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті, үшінші орын - Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті иеленсе, Ибрагим Абдрахманов - «үздік ойыншы», Гүлмира Рахматуллина - «үздік байланыстырушы», Мұрат Исқақов «үздік шабуылшы» аталымының иегері атанды.