Бір аптаға созылған жарыс барысында тараздық боксшылар тамаша өнер көрсетті. Олардың бесеуі бірдей финалға жолдама алса, соның үшеуі чемпион атанды. Әсіресе, 75 келі салмақтағы финалдық бәсеке ең әдемі жекпе-жек болды. Мұнда тараздық халықаралық дәрежедегі спорт шебері, өткен жылы Ереванда өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері Дәулет Байғабатовты қызылордалық Құлахмет Тұрсынбаев жақсы жеңді. Аталмыш жарыстағы жаңа есім деп осы боксшыны айтуға болады.
Сөйтіп салмақ дәрежелері бойынша мына боксшылар жеңіс тұғырына көтерілді. 49 кг - Ермек Мәдиев (Тараз), 52 кг - Сағындық Молдашев (Орал), 56 кг - Қанат Көптілеуов (Ақтау), 60 кг - Асхат Мәметкерім (Тараз), 64 кг - Тимур Пірназаров (Қарағанды), 69 кг - Айтжан Сүлеев (Тараз), 75 кг - Құлахмет Тұрсынбаев (Қызылорда), 81 кг - Әділет Орынбасаров (Астана), 91 кг - Айбек Ерметов (Шымкент), 91 кг+ - Дастан Құрманбеков (Атырау).
Жарыс қорытындысына сәйкес наурыз айында Филиппинде өтетін Азия чемпионатына баратын ел құрамасы жасақталатын болады.