Оралда өз атына бандерольмен есірткі жолдаған тұрғын құрықталды

Бұл жолы ол пошта арқылы өз атына қомақты көлемде есірткі жолдады деп айыпталып отыр.

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, оралдық азамат Теміртау қаласына келіп «белгісіз біреуден 700 грамнан астам героин сатып алған және оны «Қазпошта» АҚ арқылы өз атына бандерольмен жолдаған».

Полицейлер оны бандерольды алған бойда қолға түсірді.


Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.