Оралда өзін USAID қызметкерімін деп таныстырған кәсіпкер алаяқтығы үшін сотталды


Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Сот үкімімен айыпкер ҚР Қылмыстық кодексінің 4-бөлім, 177-бабы (алаяқтық) бойынша кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеумен жалпы режімді колонияға сегіз жылға сотталды.
Іс материалына сәйкес, бұрын USAID консультанты болған әйел «Акелла» ЖШС директоры қызметінде ірі мөлшерде ақша жымқырумен айналысқан.
2012 жылдың маусымынан бастап ол өзін USAID қызметкерімін деп таныстырып, шағын және орта бизнес ұйымдарымен қаржылық көмек көрсетуге грант бөлу бойынша келісім бекіткен. Келісім шарты бойынша, грант алушы бастапқыда «Акелла» ЖШС шотына траст қорын құру үшін белгілі бір ақша сомасын салады.
Алайда, іс жүзінде алаяқ халықаралық ұйымдармен ешқандай келісім бекітпейді. Траст қорын құру ретінде алған қаражатты бір кәсіпкерден екінші кәсіпкерге бөлген. Осылайша, ол оларға ақша грантын бөлген сыңай танытқан. Ақшаның бір бөлігін заңсыз иеленген.
Сот үкімі бойынша сотталған әйелден зардап шегушілердің пайдасына 788 млн 214 мың 382 теңге мөлшерде өндіріп алынады.