Оралда полицейлер қару қоймасының көзін жойды


Қаруын өз еркімен әкеп тапсырғандарды марапаттау үшін биыл облыс бюджетінен 12 милллион теңге бөлінген екен. Оның тоғыз мыңға жуығын үлестіріп үлгеріпті. Оралдықтар атам заманнан қалған аңшы мылтығында өткізіп жатыр. Кейбірі биыл тіпті динамит пен тротил да тапсырған. Полицейлер қайта қолданылмас үшін атыс қаруларын алдымен жарамсыз қылып, кейін біржола балқытып тастады. Дегенмен тұрғындардың түкпір-түкпірде тығулы жатқан қарулары әлі де көп. Тек соңғы екі айдың ішінде тәртіп сақшылары 300-ден астам атыс қаруын қабылдапты. Өз еркімен артық заттан арылып жатқан мұндай азаматтарға ешқандай шара қолданылмайды. Керісінше, олардың бұл қадамына барынша қолдау көрсетілуде.