Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Облыстық ішкі істер департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасының аға жедел уәкілі ішкі істер органдары қызметкерінің талаптарын орындамағаны және ішімдік ішкен-ішпегенін анықтау үшін тексеруден өтуден бас тартқаны үшін кінәлі деп танылды.
Іс материалдарына сәйкес, әкімшілік полиция қызметкерлері 25 ақпанда жедел уәкілді жолда ұстаған. Полиция қызметкрелері әріптестерінің көлікті мас күйінде жүргізіп бара жатқанынан күмәнданған.
Сонымен қатар, тексеру кезінде оның көлігіндегі мемлекеттік нөмір жалған екені анықталған.
Ұсталған жүргізуші айықтырғышқа жеткізілді, алайда ол медициналық тексеруден өтуден бас тартқан.