Оралда полицияға көлігін беруден бас тартқан жүргізуші шешініп тастады

Бұл азаматтың мойнында 8 айыппұл бар. Жалпы көлемі 100 мың теңгеден асып кеткен. Бірақ төлейтін ақшасы жоқ. Өзі жұмыссыз. Айтуынша, айып тұрағына қойылатын көлігі отбасын асырап отырған жалғыз табыс көзі екен. Соны полиция қызметкерлеріне бермеймін деп қарсыласқан ол алғашында ешкімге ырық бермеген. 20 градус суықта шешініп тастап, дірдектеген күйі далада отырып алды. Бірақ полиция ақыры алды-артына қаратқан жоқ. Дедектетіп сүйреп әкетіп, айтқандарына көндірді.

Динара Абдолхалықова, БҚО ІІД инспекторы:

-Әрбір үшінші не төртінші жүргізуші жауапкершіліктен құтылу үшін осылай істейді. Алайда,  ешқайсысы да жазадан құтылған емес. Бұл кісі де айыппұлдарын төлемейінше, көлігін айып тұрағына әкетеміз. 

Loading...