Оралда қала құрылысының бас жоспарын сақтамауға қатысты көптеген деректер анықталды

"Прокурорлар тарапынан қолданылып жатқан шараларға қарамастан, тексерулер көрсеткендей, Оралда қала құрылысының бас жоспарын сақтамауға қатысты көптеген деректер байқалуда", - деді А. Жамансариева.

"Мәселен, Орал әкімдігі "Болашақ" және "Строительная инициатива" ЖШС-іне 9 ықшамауданда алаңы тиісінше 3,485 және 2,52 гектар жерді коттедж құрылыстарын салу үшін берген, ал бас жоспарға сәйкес, бұл учаске көп қабатты құрылыс салынуға тиіс. Прокуратураның таныстыруымен заңсыз берілген жер телімдері тәркіленді", - деді А. Жамансариева.

Сондай-ақ, прокуратура мәліметінше, жерді рекреациялық және санитарлық аймақтарда тұрғын үй немесе абсқа да қүрылыстар салуға беру деректері кездеседі.