Рәсімде сөз сөйлеген облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Д.Морроудың Батыс Қазақстан облысының экономикасына қосқан үлесіне жоғары баға берді.
Д.Морроу Қарашығанақ жобасының екінші кезеңі жүзеге асырылу барысында компанияны 1999-2003-жылдар аралығында басқарды. Осы мерзімде Қарашығанақ өңдеу кешені, Қарашығанақ-Атырау мұнай құбыры , газды жер қабатына қайтадан кері айдау қондырғысы тәрізді ірі нысандар салынды. Сондай-ақ, кенішке таяу орналасқан Тұңғыш ауылы тұрғындарын Оралға көшіру шарасы жүзеге асырылды.
Өз кезегінде Джон Морроу мұндай таңғажайып жобаны басқару өзі үшін өте қызғылықты болғанын жеткізді.
Қазақстан экономикасына қосқан үлесі үшін Д.Морроу "Құрмет" орденімен марапатталды.
Болашақта Д.Морроу "Бритиш газ" компаниясының Лондондағы бір бөлімшесінде жұмыс істейді деп күтілуде.