Оралда қаржы полициясының екі қызметкері алаяқтығы мен пара алғаны үшін сотталды

Оның айтуынша, қаржы полициясының қызметкерлері болып істеген Аспандияр Галеев пен Қуандық Ғабдуллин бір жергілікті әйел тұрғынға қарасты 80 тонна металл сынықтарын иемденіп алу үшін әйелдің үстінен заңсыз кәсіпкерлік жөнінде қылмыстық іс қозғаған. Қаржы полициясының қызметкерлері осыдан кейін қылмыстық іс жүргізуді доғару үшін әйелден 10 мың доллар талап етіпті.

"Ұзаққа созылған келіссөздердің нәтижесінде қаржы полицейлері әйелден 300 мың теңге алады. Олар сөйтіп, ақша алып жатқан сәтінде қолға түсті",- деді Ғ.Салықов.

Орал қалалық соты Аспандияр Галеевті үш жылға, Қуандық Ғабдуллинді үш жарым жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Олардың мүлкі тәркіленіп, жалпы тәртіпті абақтыға айдалады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті