Қазақстан халқы Ассамблеясының 15 жылдығы аясында ұйымдастырылған кездесуді Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы төрағасының орынбасары Қуанышбай Төлебаев ашып, ел бірлігі доктринасының маңызы туралы айтып берді. Ал «Родина» ЖШС өкілі Эдуард Фрицлер осы гимназиямен ұзақ жылдан бері тығыз байланыс орнағанын хабарлап, бұл әріптестік екі жаққа да пайдалы екенін жеткізді. «Хаймат» неміс мәдени-ағарту қоғамының төрағасы Виталий Доренгоф соңғы он жыл бойы Қазақстан халқы Ассамблеясы Стратегиясын жүзеге асыру бағытындағы еңбегі үшін мектеп ұжымына алғыс айтты. Өйткені мектеп түлектері неміс қоғамының іс-шараларына әрдайым белсене қатысады.
Шара соңында мектеп-гимназия директоры Наталья Якущенко өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелегені үшін Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының алғысхатымен марапатталды.